spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Көкшетауда балалар кітап апталығы жүріп жатыр

Сондай-ақ...оқыңыз

Қалалық орталық балалар кітапханасында Балалар кітап апталығы ұйымдастырылуда. 
Танымдық және мерекелік іс-шаралар бір жұма бойы жүргізілмек,-деп хабарлайды «Aqmola News»ақпарат агенттігі. 

Бұл дәстүр 1956 жылдан Халықаралық кеңестің шешімімен жыл сайын дат жазушысы Ханс Кристиан Андерсеннің туған күніне орай атап өтіледі.

Кітапхана биылғы апталығын өз оқырмандарына жергілікті балалар жазушысы Серік Жетпісқалиевпен кездесумен бастады.

Оның бұған дейін «Бахтияр бұзық бала емес», «Балық аулай барғанда» деп аталатын екі кітабы жарық көрген болатын. Ол жинақтардағы «Күй әперген келісім», «Жылқышының қызы», «Батырлар да бала болған», «Екі қолтырауынның әлегі», «Теңіз төріндегі таңғажайып», тағы басқа ертегі, әңгімелері бірқатар республикалық баспасөз беттерінде де жарық көрген.

Одан кейінгі уақытта да жазушының қаламынан балаларға арналған тартымды шығармалар туды.

Кездесуге қатысқан №3 М.Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназия оқушылары және «SAPSAN»​ зияткерлікті дамыту мектебінің тыңдаушылары авторға оның шығармалары, олардың кейіпкерлері туралы сұрақтар қойып, «Абай көрсе қайтер ед, Бурабайды?»,​ «Немере» сияқты өлендерін жатқа оқыды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img