spot_img
Сәрсенбі, Қаңтар 14, 2026
-29.8 C
Kokshetau

Көкшетауда түнде көшеде төбелескен бұзақылар ұсталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда түнде көшеде төбелескен бұзақылар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, наруыздың 31 күні сағат 02:34-те Көкшетау қалалық ПБ кезекші бөліміне облыс орталығының 24 жастағы тұрғыны хабарласып, «Шейх» сауда үйінің маңында бейтаныс біреулер оның танысына дене жарақатын салғанын айтты.

«Айтылған жерге дереу жеткен полиция қызметкерлері мас күйінде болған Көкшетау қаласының 22 және 24 жастағы үш тұрғынын ұстады», – деді ведомстводан.

Анықталғандай күдіктілер көлігімен жүріп бара жатқан 20 жастағы жігітті өздерінің көлігімен қуып жетіп, жол бөгеген. Артынша, көлігінен күштеп шығарып, сабап дене жарақатын салған. Сонымен бірге, бұзақылар оның көлігінің алдыңғы және артқы әйнегін сындырды.

«Қазіргі уақытта осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – деп толықтырды ведомстводан.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қаңтар – «Заң мен тәртіп» айы

«Адал азамат» бағдарламасы аясында қаңтар айы «Заң мен тәртіп» айы ретінде белгіленіп, өңірдегі білім беру ұйымдарында кешенді тәрбиелік іс-шаралар...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика