spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Қырғызстанда кедейлік деңгейі артып барады

Сондай-ақ...оқыңыз

 Қырғызстандағы кедейлік деңгейі 35 процентке дейін өсуі мүмкін, деп хабарлайды NEGE.

Бұл туралы Республика ұлттық банкінің төрағасы Навид Накви мәлімдеді.

Елде коронавирустың кесірінен халықтын өмір сүру деңгейі айтарлықтай төмендеген. Қырғызстандағы экономикалық ахуал пандемияға дейін де қаржыгерлерді алаңдатқан еді. Ресми мәліметтерге сүйенсек, 2019 жылы халықтың шамамен 20 проценті кедейлік шегінен төмен өмір сүрді. Ал әлеуметтік осал топтарға тұрғындардың 60 проценті кірген екен. Қаржы сарапшылары коронавирус індеті жағдайды одан әрі ұшықтырғанын айтты. Қазір дамушы елдердің экономикасы үлкен «қаржылық апат» алдында тұр.

Карантиннің кесірінен елдің экономикасы тығырыққа тірелді. Көптеген мемлекеттерде жұмысынан айрылған адам саны артты. Бұл еңбек нарығына орасан соққы болды. Қырғызстан экономикасы 2020 жылы 8,6 процентке төмендеген. Ұлттық валюта арзандап, инфляция деңгейі 10 процентті құрады. Осы факторлардың барлығы халықтың өмір деңгейіне кері әсерін тигізген. Сарапшылар Қырғызстандағы кедейліктің 31 процентке артқанын тіркеді.

Дүниежүзілік банктің болжамына сәйкес, жұмыссыздық пен азық-түлік бағасының шарықтап кетуіне байланысты бұл көрсеткіш 35 процентке дейін өсуі мүмкін. Осы тәуекелдерді барынша азайту үшін сарапшылар Қырғызстан үкіметіне ең алдымен халықтың денсаулығын қорғауды ұсынған.

Қырғыз Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы Навид Накви: «Коронавирус кесірінен шатқаяқтап қалған экономиканы тік тұрғызу үшін ел үкіметі бірқатар шараны қарастыруы керек. Мәселен, екпе егу науқанын уақытында жүргізіп, орта және шағын бизнеске қолдау көрсеткен жөн» деді.

Дүниежүзілік банктің бағалауынша, 2021 жылы әлемдік экономика шамамен 4 процентке өседі. Ал Еуропа мен Орталық Азияда 3,5 процентке артады. Биыл Қырғызстанда да осындай өсім болады деген болжам бар.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img