spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Түлектер ҰБТ-ны екінші мәрте тапсыра алады – Бейбіт Жүсіпов

Сондай-ақ...оқыңыз

Еліміздегі індеттен туындаған карантинге байланысты биылғы ҰБТ-ге де бірқатар өзгерістер енгізілді. Оның ішінде мектеп бітіруші түлектер үшін де қуанышты жаңалық бар. Түлектер бір тапсырған тест нәтижесі төмен болса, екіншіден қайтадан тест тапсыруға мүмкіндік алмақ, – деп хабарлайды «Aqmola News». 

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Ақмола облысының білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіпов мәлім етті.

Басқарма басшысының айтуынша, карантиннің салдарынан білім саласында едәуір өзгерістер енгізуге мәжбүрлік туындаған.

«Ұлттық бірыңғай тестілеу бойынша қазір тапсырылатын орындар Атбасар, Ақкөл және Көкшета қаласында әзірленіп жатыр. Биылғы ҰБТ-ның басты ерекшелігі түлектер емтиханды төмен бал жинаса, екінші мәрте қайта тапсыруға мүмкіндік алады. Емтихандар мамыр айында өткізіледі. Сонымен қатар, биыл 9 сыныптарда дәстүрлі түрде 3 емтихан, 11 сыныптарда 4 емтихан тапсыру жоспарланып отыр», – деді Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіпов.

Басқарма басшысы оқушылардың соңғы 4 оқу тоқсанында оқушылардың қалай білім алатыны еліміздің бас санитарының қаулысына сәйкес карантин талаптарына байланысты болатынын жеткізді.

«Республика бойынша коронавирус жұқтыру оқиғалары азаймай тұр. Ақмола облысы «жасыл аймақта» тұрғанымен, біздің облысы Елордаға өте жақын орналасқан. Сондықтан, оқушылар мен мұғалімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін алдағы аптаға қарай бас санитардың қаулысына сәйкес бәрі белгілі болмақ. Осыны бұқаралық ақпарат құралдарында халыққа дұрыс жеткізсеңіздер екен», – деп түйіндеді Бейбіт Жүсіпов.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img