spot_img
Дүйсенбі, Желтоқсан 15, 2025
-9.8 C
Kokshetau

Целиноград ауданы аумағындағы жол апатынан 7 адам зардап шекті

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының Целиноград ауданы аумағында жол-көлік оқиғасы болып, 7 адам зардап шекті. Оның екеуі — бала, деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, жол апаты наурыздың 23-інде Нұра ауылынан 10 шақырым жерде, яғни «Нұр-Сұлтан-Қабанбай батыр» автожолының 48 шақырымында орын алған.

Бұл туралы сол күні сағат 10:05 Целиноград аудандық ПБ кезекші бөліміне жедел жәрдем фельдшері хабарлап айтқан.

«Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары анықтағандай, Нұр-Сұлтан қаласы бағытында жүріп бара жатқан Қарағанды облысының 36 жастағы тұрғыны «Газель» көлігімен жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, 44 жастағы астаналық басқарған «Lada Largus» көлігімен соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушылары (барлығы 7 адам, оның екеуі бала) зардап шегіп, Нұр-Сұлтан қаласының №2 қалалық ауруханасына жеткізілді», – деді ведомстводан.

Қазіргі кезде, осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 345 бабы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: ҚР Үкіметінің қорытынды баспасөз конференцияларының сериясы басталды

2025 жылғы Үкімет қызметін қорытындылау аясында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Astana Hub алаңында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесіп, энергетика...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика