spot_img
Сәрсенбі, Қаңтар 14, 2026
-28.8 C
Kokshetau

Вакцина салдырғаннан кейін моншаға түсуге бола ма – маман жауабы

Сондай-ақ...оқыңыз

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі, телемедицина директоры Лаура Мырзағали онлайн брифинг барысында коронавирусқа қарсы вакцина салдырғаннан кейін қалай күтіну керегін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, вакцина әр адамға әртүрлі әсер етеді. «Коронавирус вакцинасы адамның ағзасына қарай реакция береді. Біреуде жеңіл, енді біреуінде ауыр өтуі мүмкін. Мен де вакцина салдырдым. Жеңіл өтті. Тек орны ғана ауырды. Ал менімен бірге салдырған әріптестерімнің кейбіреуінің дене қызуы көтерілді, енді бірінде қалтырау болды»,-дейді спикер. Сонымен қатар, ол екпеден кейін күтіну керектігін баса айтты.

«Дене қызуы көтерілсе, оны түсіруге көмектесетін дәрілер болады. Олар антибиотик емес, дене қызуын түсіруге арналған парацетамол, ибупрофен секілді препараттар. Соларды ішуге болады. Моншаға барып, спортпен айналысуға да рұқсат. Бірақ бірінші кезекте дене қызуын түсіру керек. Одан кейін вакцина салдырғаннан кейін үш күндей моншаға түсуге, су тигізуге болмайды. Сол тәртіпті сақтау қажет. Одан кейін адамның жағдайына қарай шомылуға болады. Әр нәрсе өз орнымен», – дейді Лаура Мырзағали.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Учаскелік инспектор әрдайым қасыңызда: Көкшетауда құқық бұзушылықтың алдын алу қалай жүргізіледі

Учаскелік инспектор әрдайым қасыңызда: Көкшетауда құқық бұзушылықтың алдын алу қалай жүргізіледі Көкшетау қаласында учаскелік полиция инспекторлары құқық бұзушылықтардың алдын алу...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика