spot_img
Сейсенбі, Сәуір 8, 2025
8.4 C
Kokshetau

Ресей қазақтары Наурыз мейрамын тойлауда

Сондай-ақ...оқыңыз

«Отандастар қоры» Ресейдің Қазан қаласындағы Бас консулдығымен бірге Наурыз мерекесіне орай думан ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ресейде Қазан, Екатеринбург, Уфа қалаларында қазақтардың қоғамдық бірлестіктері жұмыс істейді. «Отандастар қорының» хабарлауынша, Наурызға арналған іс-шараға осы 3 өңірдің өкілдері қатысты.

«Бұл іс-шара қазақ тілін дамыту, мәдени мұраны насихаттау, Ресейдегі қазақ диаспорасымен мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту, дамыту және кеңейту мәселелерін талқылауға жақсы себеп болды. Шараның көркін жергілікті шығармашылық ұжымдар ұсынған қойылымдар кіргізді», – делінген «Отандастар» қорының мәліметінде.

Думан барысында қазақтың ұлы ақыны, ағартушы Абайдың 175 жылдық мерейтойын мерекелеуге белсене қатысқан және екі ел арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосқан азаматтарға Қазақстаның Мәдениет және спорт министрінің Құрмет грамоталары табысталған. Бұған дейін хабарланғанымыздай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады. Әлем жұлдыздарының атынан да түрлі құттықтаулар түсіп жатыр.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда 70-тен астам студент «Хабардар бол!» акциясын қолдады.

Дүниежүзілік денсаулық күнінде Ақмола облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығының мамандары Көкшетау қаласында «Арна» жоғары колледжінің студенттерімен «Хабардар бол!» ұранымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img