spot_img
Бейсенбі, Сәуір 17, 2025
1.1 C
Kokshetau

Киімімді шешпек болды: Көкшетауда подъезд ішінде әйел зорламақ болды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда түн ішінде белгісіз біреулер қараңғы подъезге кіріп бара жатқан әйелді зорламақ болды, деп хабарлайды  «Aqmola News».

Оқиға қоғамдық орталардағы қылмыс пен құқықбұзушылықтардың алдын алу және күресу мақсатында ұйымдастырылған шара барысында анықталды. 12-18 наурыз аралығында өткізіліп жатқан ісшара кезінде полиция зорлық жасауға әрекеттенген күдіктіні ұстаған.

«13 наурыз күні облыс орталығындағы Көкшетау қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне түнгі үштер шамасында белгісіз біреу оны сексуалды мақсатта зорламақ болғанын айтып хабарласқан. Әйелдің айтуынша, ер адам оның киімдерін шешіп, зорлауға әрекеттенген. Белгілі болғанындай түнде ұйқысы келмеген әйел түнгі уақытта далаға серуендеуге шығыпты», – дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Жедел іздестіру шаралары барысында бейнебақылау камераларын қараған полицейлер күдіктіні дереу анықтады. Ол 26 жастағы бұрын сотталмаған Бурабай ауданының тұрғыны болып шықты. Күдікті жігіт өзінің жасағанын толықтай мойындады. Аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 120 бабының 1 тармағымен және 24 баптың 3 тармағымен «Зорлық жасауға әрекеттену» бойынша сотқа дейінгі қылмыстық іс қозғалды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«ШӘМШІ» ЭЛЕГИЯСЫ КӨКШЕТАУДА!

2025  жылы 1 мамыр күні Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика