spot_img
Сенбі, Тамыз 23, 2025
22.2 C
Kokshetau

Киевте қарттар үйі өртеніп 80 адам эвакуацияланды

Сондай-ақ...оқыңыз

Киевтің Подольск ауданында «Күміс ғасыр» қарттар үйі өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат УкрИнформ агенттігіне сілтеме жасап.

Украина Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметінің мәліметіне қарағанда, Подольск ауданындағы Лесозащитная көшесі, 11 б мекенжайында орналасқан үш қабатты «Күміс ғасыр» қарттар үйінің шатыры өртенген.

Оқыс оқиға 12 наурыз күні сағат 05:51-де орын алған. Сағат 06:55-те 100 м2 алаңды шарпыған өрт ауыздықталған. Ғимаратта 65 қарт адам болған.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Украинаның Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметінің және қызмет көрсетуші персоналдың көмегімен жоғарғы қабаттардан бірінші қабатқа 80 адам (оның ішінде 65 қарт адам және 15 персонал) эвакуацияланды.

Өртті сөндіруге 35 адам мен 8 техника жұмылдырылды.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Олжас Бектенов автожолдардың сапасын арттыру жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы жиын өткізді

Үкіметте Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен автокөлік жолдарының сапасын арттыру мәселелері бойынша жиын өтті. Көлік желісін жаңғырту бойынша Президент қойған...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика