spot_img
Жұма, Қараша 21, 2025
2.6 C
Kokshetau

6 наурыз күнгі ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

6 наурыз күні Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы күн райы сақталады – жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Тек оңтүстік-шығыс аймақтарда ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болжанады. 15-20 м/с екпінде жел тұрады, солтүстік аймақтарда күші 23-28 м/с күшеюі ықтимал. Күндіз республиканың оңтүстік аймақтарында найзағай күтіледі, деп хабарлайды «Aqmola News» «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Түнде басым аумақта, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23-28 м/с артады.

Солтүстік Қазақстан облысында бұрқасын, тұман, көктайғақ болжанады. Желдің күші 15-20 м/с болады, түнде кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Павлодар облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 23-28 м/с жетуі ықтимал.

Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Желдің күші 15-20 м/с артады.

Ақтөбе облысында кей жерлерде көктайғақ, жаяу бұрқасын болжанады. Тнде кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысында тұман, түнде кей жерлерде жаяу бұрқасын, 15-20 м/с екпінде жел күтіледі. Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, Қарағанды, күндіз Жамбыл облыстарында 15-20 м/с екпінде жел болады.

Түркістан облысында түнде кей жерлерде тұман, күндіз кей жерлерде найзағай болжанады. Желдің күші – 15-20 м/с. Алматы облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады.

Атырау облысында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с жетеді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында да қаржылық пирамидалардың құрбандары жыл сайын артып келеді

Мұндай алаяқтық схемалар азаматтардың сенімін пайдаланып, жылдам табысқа құмарлығын, экономикалық қысымды қолданады. Бұл туралы сұхбат барысында Ақмола облысы бойынша...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика