spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ақмолада қан кеткен жүкті әйел құтқарылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолалық құтқарушылар қызметінің «112» шұғыл нөміріне қан кеткен 1975 жылы туған жүкті әйелді эвакуациялау бойынша жедел көмек көрсету қажеттілігі туралы хабарлама келіп түсті, деп  хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

«Облыс өңірлерінде желдің жылдамдығы секундына 25 метрге дейін күшейіп, боран соғып, жолдар жабылды. Себепті көмекке жүгінген Атбасар ауданы Есенгелді ауылының тұрғынына жедел жәрдем келе алмады. Дәрігерлер әйелге көмектесу үшін құтқарушыларға жүгінді. Қатты боранның салдарынан жол іс жүзінде көрінбеді, құтқарушылардың бірі жол талғамайтын көліктің алдынан жүгіріп, жолды көрсетуге мәжбүр болды. Жүргізілген авариялық-құтқару жұмыстарының нәтижесінде қан кетуді тоқтатқанмен өкінішке орай, әйелдің сәбиін құтқару мүмкін болмады», – деді Атбасар ауданының ТЖБ бастығы Ерболат Ашкенов.

Құтқарушылар облыс тұрғындарынан «112» қызметінен СМС хабарлама алған кезде елді мекендерден тыс жерлерге шықпауды, сондай-ақ жабылу орындарында автожолдарда көлік кептелісін болдырмауды сұрайды.
Облыс тұрғындары кез келген уақытта ауа райы болжамының өзгеруі туралы, сондай-ақ жолдардың жабылуы туралы ақпаратты «Дәрмен» мобильді қосымшасын жүктеу арқылы бақылай алады, онда барлық қажетті ақпарат уақтылы жаңартылып отырады немесе 1403 нөмірі бойынша қоңырау шалуға болады.
Еске сала кетейік, 4 наурыздан бастап Ақмола облысында ескерту жарияланды, республикалық және облыстық маңызы бар жолдар жабылды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img