«Әлихан бастаған қазақ зиялылары ұлттық мүдде жолында аянбай еңбек етіп, мемлекетшілдіктің озық үлгісін көрсетті». ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
Алаш қозғалысының негізін қалаушы Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл толуына орай жазған Twitter-дегі жазбасында осылай деді.
«Бүгін – тарихи тұлға Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл. Ол – халқымыздың біртуар перзенті, Алаш қозғалысының негізін қалаушы. ХХ ғасыр басында Әлихан бастаған қазақ зиялылары ұлттық мүдде жолында аянбай еңбек етіп, мемлекетшілдіктің озық үлгісін көрсетті» делінген хабарламада.
Айта кетейік, Бүгін XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының көшбасшысы, ұлт-азаттық қозғалыстың негізгі тұлғасы Әлихан Бөкейхантың туған күні. .