spot_img
Сенбі, Сәуір 19, 2025
7.2 C
Kokshetau

«Жемісті жылдар» альбом кітабының таныстырылымы өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

26 ақпан күні  Мәлік Ғабдуллин музейінде көкшелік зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен, бүгінде рухани орталыққа айналған музейдің ширек ғасыр толуына орай шығарылған «Жемісті жылдар» альбом кітабының таныстырылымы өтті,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақапарат агенттігі музейдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Альбом кітапқа Мәлік Ғабдуллин музейінің осы жылдар аралығында атқарған тағылымды жобалары мен тәлімді бастамалары, көкшелік зиялы қауым өкілдерінің, белгілі ғалымдардың ғылыми мақалалары және республика бойынша әріптестеріміздің жылы лебіздері топтастырылды.  Кітаптың таныстырылымы музей директоры Құдайберлі Мырзабектің беташар сөзімен басталды.

Іс-шарада «Қоғамдық келісім» сарайының басшысы Ермек Нұғыманов «Жемісті жылдар» альбом кітабына жан-жақты шолу жасады. Музей жанашырлары,қоғам қайраткері, жазушы-драматург Жабал Ерғалиев , Ақмола облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұл, Мәлік Ғабдуллин атындағы Көкшетау техникалық институтының оқытушысы Қалижан Нарбаев жылы лебіздерін білдіріп, музей қызметкерлеріне шығармашылық табыстар тіледі.

Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының басшысы Айгүл Баубекқызы Сәбитова құттықтау сөз сөйледі. Іс- шараға келген қонақтарға альбом-кітапты табыстап, 25 жыл аралығында даңқты жерлесіміздің өнегелі өмірі мен шығармашылығын насихаттап жүрген музей қызметкерлеріне өз алғысын білдіріп алғыс хаттар табыстады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«ШӘМШІ» ЭЛЕГИЯСЫ КӨКШЕТАУДА!

2025  жылы 1 мамыр күні Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика