spot_img
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
5.2 C
Kokshetau

Ақмолада жүргізуші куәлігін заңсыз сатып алмақ болған тұрғын алданып қалды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында жүргізуші куәлігін заңсыз сатып алмақ болған азаматты алаяқтар алдап кетті, деп хабарлайды «Aqmola News» облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Целиноград ауданы Ақмола ауылының 25 жастағы тұрғыны бұрын таныс адамынан жүргізуші куәлігін сатып алмақ болған. Алайда танысы оның 165 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражатын алып кетіп қайтармаған. Алдан азамат полицияға арызданған», – делінген ПД хабарламасында.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды. Криминалдық полиция бөлімшелерінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қаскүнемнің мекенжайын анықтады, ол кінәсін мойындады.

Қылмыстық істі тергеу шеңберінде құқық қорғау органдары қажетті тергеу әрекеттерінің кешенін жүргізеді, соның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады.

Полиция жүргізуші куәлігін заңды түрде алудың жалғыз жолы – жүргізуші мектебінде оқып, содан кейін емтихан тапсыру екенін еске салады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында 27 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Биылғы жылдың тоғыз айында Ақмола облысының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне 932 өтініш түсті. Бұл туралы брифинг барысында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика