spot_img
Жұма, Қараша 21, 2025
2.6 C
Kokshetau

25 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

Оңтүстік, оңтүстік-шығыста түнде толассыз қар жауады, тек батыста ғана антициклон ықпалымен жауын-шашын жаумайды.

Кей өңірде тұман түседі, көктайғақ пен бұрқасын болады. Жел күшейеді. Оңтүстік-шығыста жел екпіні 30 м/с жетеді.

Жамбыл, Түркістан облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.

Жел қарқыны 23-28 м/с дейін күшейеді.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында жел 30 м/с жылдамдықпен соғады.

Алматы облысында тұман түсіп, көктайғақ болады, боран соғады. Желдің екпіні – 25 м/с.

Павлодар, Қызылорда облысында бұрқасын соғады. Жел екпіні 25 м/с жетеді. Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облысында тұман түседі, жаяу бұрқасын соғады. Жел қарқыны – 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 23-28 м/с болады. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде боран соғады. Желдің күші – 15-20 м/с. Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түсіп, түнде жаяу бұрқасын көтеріледі.

Маңғыстау облысында тұман түседі.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында да қаржылық пирамидалардың құрбандары жыл сайын артып келеді

Мұндай алаяқтық схемалар азаматтардың сенімін пайдаланып, жылдам табысқа құмарлығын, экономикалық қысымды қолданады. Бұл туралы сұхбат барысында Ақмола облысы бойынша...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика