spot_img
Жұма, Қараша 28, 2025
-4.2 C
Kokshetau

Оқу жылы басталғалы 8,6 мың оқушы коронавирус жұқтырды – ДСМ

Сондай-ақ...оқыңыз

1 қыркүйектен бері Қазақстанда 8,6 мыңнан аса оқушы COVID-19 вирусын жұқтырды. Бұл туралы ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті вакцинамен басқарылатын инфекцияларды бақылау басқармасының басшысы Нұршай Әзімбаева айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Мониторинг деректеріне сүйенсек, қазір оқушылар арасында тіркелген коронавирус жұқтыру жағдайы 2 583-ке жетті. Бұл- офлайн түрде оқитын балалар арасында. Ал онлайн оқитын 6 089 бала коронавирус жұқтырды. Бұлар 2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін тіркелген деректер», – деді Нұршай Әзімбаева.

Сондай-ақ, брифинг барысында бас мемлекеттік санитар-дәрігер Ерлан Қиясов 65 жастан асқан адамдарға вакцина салуға рұқсат берілгенін айтты.

«23 ақпанда Қарағанды фармацевтикалық кешенінде әзірленген вацинананың 93 мың дозасын жеткізу басталды. Бұл вакцина арқылы дәрігерлерді вакцинациялау бітіп, кезек педагогтарға келеді. Өндірушінің (Н.Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық ғылыми орталығы) ресми ақпаратына сәйкес, 65 жастан асқан адамдарға вакцина салуға рұқсат берілді. Тек медициналық қарсы көрсетім болмауы керек», – деді Ерлан Қиясов.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Сатушы мен өндірушінің кепілдік мерзімді белгілеу жөніндегі құқықтары мен міндеттері

(«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы негізінде) Кепілдік мерзім – тұтынушының құқықтарын қорғаудың негізгі тетіктерінің бірі болып табылады....
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика