spot_img
Сәрсенбі, Сәуір 9, 2025
14.2 C
Kokshetau

«Болашақ сарайында» сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің перспективалары туралы көрме өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы алғашқы виртуалды көрме өтті, деп хабарлайды «Aqmola News» ​Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аумақтық департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараға Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аумақтық департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев қатысты.

«Болашақ сарайы» ғимаратының үлкен экрандары мен мониторларында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің іске асырып жатқан түрлі жобалары, қоғамдық мониторингтер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, әлеуметтік зерттеулер, превенция жұмысы, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерді ұсыну үдерістерін цифрландыру мен интеграциялауға бағытталған жұмыстар көрсетілді.

«Жергілікті тұрғындар да, өңір қонақтары да ақпараттық технологияларды қолдану арқылы ұйымдастырылған аталған көрмені аралай отырып, облыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын, қандай нәтижелерге қол жеткізілгенін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің перспективалары белгіленгенін біле алады. Мұндай бірегей тәсіл қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін арттыруға кеңінен тартуға мүмкіндік береді деп санаймыз», – деді іс-шара барысында департамент басшысы Мұрат Төлеубаев.

Аймақ басшысының орынбасары Айна Мысырәлімова атап өткендей, аталған іс-шараны «Болашақ сарайы» балалар мен жасөспірімдер сарайында ұйымдастыру туралы шешім қабылданды. Өйткені жаңа ғимараттың жұмысы балалар мен жастарды жан-жақты дамытуға және оқытуға бағытталған және халық арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыруға ықпал етеді.

Көрме ұйымдастырушылары сыбайлас жемқорлықты алдын алуда осындай шаралар арқылы қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыруға болатынын атап өтті.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда 70-тен астам студент «Хабардар бол!» акциясын қолдады.

Дүниежүзілік денсаулық күнінде Ақмола облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығының мамандары Көкшетау қаласында «Арна» жоғары колледжінің студенттерімен «Хабардар бол!» ұранымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img