21 ақпан күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде қар жауады, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қар аралас жаңбыр жауады, тек шығыс және оңтүстік-батысында күн райы ашық болады. Еліміздің кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейіп, солтүстікте жаяу бұрқасын соғады, деп хабарлайды «Aqmola News» Қазгидрометке сілтеме жасап.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейіп, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел күшейіп 15-20 м/с жетеді, жаяу бұрқасын соғады.
Қарағанды, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, Павлодар облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғуы мүмкін.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі, жаяу боран соғады.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.