spot_img
Сейсенбі, Қазан 7, 2025
5.4 C
Kokshetau

Сағынтаев ҚазҰУ жері жекеменшікке беріледі деген мәселеге жауап берді

Сондай-ақ...оқыңыз

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев халыққа есеп беру кездесуінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жері ешкімге берілмейтінін айтты. Қала басшысының айтуынша, аталмыш университет жерін басқаға бергісі келсе, әкімшілікке ұсыныс жасауы керек.

«Университет жерін басқа біреуге бергісі келсе, ұсыныс жасауы керек. Қазір университетке жаңа ректор (Жансейіт Түймебаев – ред.) келді. Біз ол кісімен кездесіп, осы мәселе төңірегінде әңгіме болды. Ол кісі университетке тиесілі жерді беруге болмайтынын айтты», – деді қала әкімі.

Еске сала кетейік, жыл басында әлеуметтік желіде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ басшылығы университеттің жер учаскелерін жеке тұлғаға сатты деген хабарлама тарады. Кейінірек университеттің ресми сайтында жер мәселесіне қатысты ақпаратқа түсініктеме берілді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Құрметті қала және аудан тұрғындары!

«Қарызсыз қоғам» әлеуметтік жобасы аясында қаржылық қиындыққа тап болған азаматтарға тегін ақпараттық және құқықтық қолдау көрсетілуде. Егер сіз: ✔️ 90 күннен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика