Анар Тілеужанқызы Күзембаева Бурабай ауданы әкімінің 2021 жылғы 16 ақпандағы өкімі негізінде аудан әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды «Aqmola News».
Анара Тілеужанқызы, 1978 жылы 18 ақпанда туған, Щучинск қаласының тумасы. Екі жоғары білімі бар.
2003 жылы Алматы экономика және статистика академиясын «есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірді, экономист біліктілігін алған.
2013 жылы Гуманитарлық-техникалық академияны мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша тәмамдаған.
Өзінің еңбек жолын 2003 жылдың қыркүйегінде Щучинск ауданының жұмыспен қамту орталығының бас маманы, 2003 жылдың қазанынан бастап Щучинск ауданының жұмыспен қамту орталығының жұмыспен қамту бөлімінің бастығы ретінде бастады.
2005 жылдың наурызынан бастап Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеген.
2005 жылдың шілдесінен бастап Щучинск ауданының ішкі саясат бөлімінің бас маманы.
2009 жылдың сәуірінде Бурабай ауданының ішкі саясат бөлімінің бастығы болып тағайындалды.
2013 жылдың тамыз айынан бастап Бурабай ауданының ішкі саясат және дін істері бөлімінің басшысы.
Тұрмыста, үш бала тәрбиелеп отыр.