spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Ақмолада мемлекетаралық іздеуде жүрген 2 қылмыскер ұсталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ағымдағы жылғы ақпанның 15-19 күндері аралығында Ақмола облысында өтіп жатқан «Мигрант» жедел алдын алу шарасы аясында мемлекетаралық іздеуде жүрген екі қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды «Aqmola News» облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, қылмыскерлерді «Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Көкшетау қалалық ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері қолға түсірген.

«Солтүстік Қазақстан облысының аумағында шекарадан өту кезінде Ақмола облысының Есіл ауданының 42 жастағы тумасы ұсталды. Ол денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін 2020 жылдың тамыз айынан бастап іздеуде жүрген. Ер адамға қатысты «шақырғанда келу міндеттемесі» процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Сонымен қатар, Ресей Федерациясының Мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған Степногорск қаласының 37 жастағы тұрғыны ұсталды. Оған 2010 жылдан бастап Ресей Федерациясының Ішкі істер министрлігі Омбы облысы бойынша федаральды қауіпсіздік қызметі басқармасы Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 322 бабы 1-ші бөлігі бойынша іздеу жариялаған. Ер адамға қатысты «ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат» бұлтартпау шарасы таңдалды», – деді ведомстводан. Ведомстводан атап өткендей, «Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде көші-қон қызметінің қызметкерлері заңсыз көшіп-қонушылар мен ішкі істер органдарында уақтылы тіркелмеген тәртіп бұзушыларды анықтау үшін жүйелі түрде рейдтер жүргізіп тұрады. «Жедел-алдын алу шарасының алғашқы екі күнінде Қазақстан Республикасында шетел азаматтарының болу ережелерін бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 517-бабы бойынша шетелдің 61 азаматы әкімшілік жауапқа тартылды. Шақырылған шетелдіктер ҚР Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 518 бабы бойынша 47 қабылдаушы тарап, сондай-ақ, шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін он жұмыс беруші әкімшілік жауапқа тартылды. Сонымен қатар, полицейлер 26 шетелдіктің құқықтық мәртебесін реттеді», – деп толықтырды ведомстводан.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img