Жақсы ауданына қарасты республикалық маңызы бар жол биылғы жылы толықтай жөндеуден өтеді. Бұл мақсатқа биыл бюджеттен қосымша 5 миллион теңге бөлінді. Бұл туралы облыс әкімі тұрғындар есеп беру кездесуі кезінде айтты,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі.
Облыс әкімі өткен жылдың қорытындылары мен 2021 жылға арналған жоспарлар туралы тұрғындарға есеп беру кездесуі кезінде Жақсы -Алексеевка жолдарына қатысты қойған тұрғын сұрағына жауап берді.
Бұл жобаның құны 16 миллиард теңге. Биыл бюджет қаражатынан қосымша 5 миллион теңге қарастырылды. Бұл жол Екатеринбург-Алматы бағытындағы республикалық маңызы бар жол болып табылады,-деді аймақ басшысы.
Әкімнің сөзінше, жол құрылысы аяқталған жағдайда облыс орталығына бағытталған жолдың 70-80 пайызы қысқармақ.