spot_img
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
4.3 C
Kokshetau

Кедергісіз келешек: «Nur Otan» партиясына 72 адам жеке мәселесімен жүгінді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы бойынша «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдауларында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қабылдаудың біріңғай күні өтті. «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы асяында өткен қоғамдық қабылдауға ZOOM форматында облыстың әр түпірінен денсаулығында ақауы бар азаматтар өтініш білдірді. Өтініш иелерінің сұрақтарына облыстық басқарамалардың өкілдері жауап беріп, заң нормалары шеңберінде түсініктеме берді.

Бұл күні  партияның қоғамдық қабылдауына хабарласқан азаматтардың дені дәрі дәрмекпен қамтамасыз ету, санаторлы-курорттық ем алу, медициналық порталдың жұмысына байланысты шағымдарын жеткізсе, атаулы әлеуметтік көмек алу, жәрдемақы тағайындау, мүгедектік  санатын алу мәселелерін айтты.

Әр өтініш жауапсыз қалмады. Жергілікті атқарушы орган қызметкерлеріне «Nur Otan» партиясының Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов өтініш иелерінің мәселесін ең қысқа мерзімде қарастырып, нақты шешімін табуды тапсырды.

Жалпы, бұл күні Ақмола облысы бойынша партияның қоғамдық қабылдауларына 72 азамат жеке мәселесі бойынша жүгініп, оның  34 % оң шешімін тапқан.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Заңды біліп жүрген абзал

Ақмола облысының Жастар-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, жастар арасындағы құқық бұзушылықты азайту, ақпараттық жұмыс жүргізу мақсатында, «Арна» Көкшетау жоғары колледжінің студенттерімен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика