Ақмола облысы бойынша «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдауларында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қабылдаудың біріңғай күні өтті. «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы асяында өткен қоғамдық қабылдауға ZOOM форматында облыстың әр түпірінен денсаулығында ақауы бар азаматтар өтініш білдірді. Өтініш иелерінің сұрақтарына облыстық басқарамалардың өкілдері жауап беріп, заң нормалары шеңберінде түсініктеме берді.
Бұл күні партияның қоғамдық қабылдауына хабарласқан азаматтардың дені дәрі дәрмекпен қамтамасыз ету, санаторлы-курорттық ем алу, медициналық порталдың жұмысына байланысты шағымдарын жеткізсе, атаулы әлеуметтік көмек алу, жәрдемақы тағайындау, мүгедектік санатын алу мәселелерін айтты.
Әр өтініш жауапсыз қалмады. Жергілікті атқарушы орган қызметкерлеріне «Nur Otan» партиясының Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов өтініш иелерінің мәселесін ең қысқа мерзімде қарастырып, нақты шешімін табуды тапсырды.
Жалпы, бұл күні Ақмола облысы бойынша партияның қоғамдық қабылдауларына 72 азамат жеке мәселесі бойынша жүгініп, оның 34 % оң шешімін тапқан.