spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Bloomberg «Спутник V» вакцинасын елеулі ғылыми жетістіктердің бірі деп атады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ресей коронавирустың жаңа түріне қарсы әлемдегі алғашқы вакцинаны ұсыну арқылы кеңес уақытынан бергі ең елеулі ғылыми жетістік жасаған болуы мүмкін. Мұндай пікірді сенбі күні Bloomberg жазды, деп хабарлайды «Aqmola News» ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің жазуынша, The Lancet журналы ресейлік «Спутника V» вакцинасының үшінші клиникалық сынағының нәтижесін жариялады. Оған сәйкес ресейлік вакцина америкалық және еуропалық препараттардан еш кем түспейді. Оған қоса, Қытай вакцинасынан анағұрлық тиімдірек.

Bloomberg мәліметіне сәйкес, мақала жарияланғаннан кейін көптеген елдер вакцинаны ықтимал сатып алушылар ретінде «кезекке тұра бастаған».

Кем дегенде 19 мемлекет «Спутник V»-ны қолдануды мақұлдады, олардың арасында Еуроодақ мүшесі Мажарстан бар. Ал Бразилия мен Үндістан бұл шешімге бір қадам жақын. Bloomberg агенттігі Control Risks консалтингілік компаниясының директоры Оксаны Антоненконың сөзін келтіріп отыр. Спикердің пайымынша, коронавирусқа қарсы күресте ресейлік препараттың жетістігі Мәскеудің, әсіресе Латын Америкада геосаяси ықпалын арттыруы мүмкін.

Еуропалық реттеуші органдар да Германияның процедураны жеделдетуге көмек көрсететіндігі туралы уәдесінен кейін, «Спутника V»-ға өтінім беруді қарастыра бастаған. Агенттікке The Lancet-тің бас редакторы Ричард Хортон мәлім еткендей, бұл мәселе бірнеше айға созылуы ықтимал. Себебі препараттар жөнінде егжей-тегжейлі деректерді ұсыну қажет етіледі.

«Шынымен де, ресейлік вакцина кеңінен қолданыла бастайды деп ойлаймын, бірақ бұл тез болмайды», – деді ол.

Бұған дейін The Lancet «Спутник V» вакцинасының үшінші клиникалық сынағының нәтижелерін жариялаған болатын. Оған сәйкес, препараттың тиімділігі 91,6% құрайды. 60 жастан асқан еріктілер арасындағы тиімділік – 91,8%.

«Спутник V»-мен вакциналанғаннан кейін еріктілердің 98% коронавирусқа антиденелер пайда болған. Еске салайық, 1 ақпаннан бастап Қазақстанда Ресейде шығарылған «Спутник V» вакцинасын пайдалана отырып, КВИ-ға қарсы вакцинация басталады. Вакцина ерікті түрде және тегін салынады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img