spot_img
Сенбі, Қазан 5, 2024
16.2 C
Kokshetau

Тәуелсіздік құрдастары облыс әкімінің орынбасарымен әңгімелесті

Сондай-ақ...оқыңыз

Еліміздің ең басты мерекесі , Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу аясында Ақмола облысы тарихи-өлкетану музейінде тәуелсіздік құрдастары “Елбасы және Тәуелсіздік” залында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімовамен сұхбаттасу алаңына қатысты, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысының мәдениет, архив және құжаттамалар басқармасына сілтеме жасап. 

Аталмыш залға алғаш рет келген тәуелсіздік құрдастарының арасында ақын, “Дарын” мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, “Шабыт” Халықаралық фестивалінің дипломанты Манарбек Қыдырбай, халықаралық аренада еліміздің Әнұранын шырқатқан спорт шебері Алина Коломиец, жас кәсіпкер Зелимхан Хашиев, “Аманат” еріктілер клубының құрылтайшысы Айжан Құсайынова, мемлекеттік қызметкер Жазира Сейтмағамбетова және ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Асемгүл Махамбетовалар қатысты.

«Жастар “Елбасы және Тәуелсіздік” экспозициясын тамашалаудан ерекше мақтаныш сезімге ие болғандарын бөлісіп, сонымен қатар әрбір қатысушы өзінің әр жеңісін егеменді Еліне арнайтынын атап өтті. Кездесу соңында Ақмола облысы әкімі Ермек Боранбайұлы Маржықпаев атынан Елбасы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың “Тәуелсіздік дәуірі” кітабы табысталды» делінген баспасөз хабарламасында.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Президент ұсынған реформалар жергілікті басқарудың сапасын арттырады – Дастан Әкімов

Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының II республикалық форумында сөз сөйледі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде мәслихаттың мемлекеттік биліктің өте...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img