spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Павлодарда антисептик ішкен қыздардың бірі көз жұмды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қалған екі қыз ауруханадан жазылып шықты, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, 2 қаңтар күні сағат 18:30-да облыстық балалар ауруханасына жедел жәрдеммен 2003 жылы туған қыз бала жеткізілген. Ол «Облыстық өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығынан» ес-түссіз күйде жеткізілді.

– Қыз бала белгісіз заттың улы әсері диагнозымен түсті. Бас миының ісінуімен жан сақтау бөліміне жатқызылды. Интенсивті терапия басталды. Жасалған емдеу шараларына қарамастан сағат 20:00-де жүрегі тоқтады. 30 минуттық жансақтау әрекеттері нәтиже бермеді, – деді басқармада.

2004 жылы туған тағы 2 қыз бала сол күні сағат 21:40-та ауруханаға улану диагнозымен орташа күйде түскен.

– Пациенттерге толық көлемде медициналық көмек көрсетілді. Екеуі де 14 қаңтар күні стационардан шығарылды. Шығарылған кезде жағдайлары қанағаттанарлық болды. Тәбеттері жақсы, өздерін жақсы сезінді, – деді басқармада. 

Басқарманың хабарлауынша, қыздар 1 қаңтар күні кешкі сағат 20:30 шамасында 2,5 стақан «Антисептик – МД-1» затын сумен араластырып ішкендерін айтқан.

– Қыздардың айтуынша, түнді тыныш өткізген. Ештеңе мазаламаған. Алайда, таң атысымен жүректері айнып, көп рет құсу басталған. Орталықтың медициналық қызметкерлері мен тәрбиешілері бұл оқиға туралы білмеген. 2 ақпан күні сағат 20:30-дан кейін қыздар өз істерін мойындап, жедел жәрдем шақырған, – деді басқармада.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img