spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ақмола облысында 6 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында 6 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Берген Беспалинов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Департамент басшысының айтуынша, мемлекеттік органдардың электронды форматта көрсететін қызметтері үлесінің артқаны байқалады.

2020 жылы мемлекеттік қызметтердің 94,8 пайыз электронды түрде көрсетілген. Айта кету керек, бұл көрсеткіш 2019 жылы 83 пайызға тең болды.

Сонымен қатар, халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің жалпы мөлшерінің өскендігі байқалады. Өткен жылы барлығы 6 342 918 қызмет көрсетілді. Осылай, көрсетілген қызметтер үлесі 22 090 артып отыр.

«Жұмыстың маңызды бөлігі азаматтардың өтініштерін қарау. Департаментпен мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 50 бақылау іс-шарасы өткізілді, оның қорытындысы бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 13 хаттама жасалды. 10 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды» – деді Б.Беспалинов.

Халықтың әлеуметтік осал топтарына ерекше назар аударылады. Департамент «Шанс» қоғамдық қорымен бірлесе отырып, мүмкіндігі шектеулі адамдарды қызметтерді электронды түрде алу дағдыларына оқытуды ұйымдастырды.

Тұрақты негізде халыққа қызмет көрсету орталықтарында және облыстың мемлекеттік органдарында қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізіледі.

Б.Беспалинов атап өткендей, мемлекеттік тәртіпті нығайту және әдеп бұзушылықтарға жол бермеу жөніндегі жұмыстарға келетін болсақ, тәртіптік істерді қарау қорытындысы бойынша өткен жылы 18 мемлекеттік қызметші жауапкершілікке тартылды. 37 тексеру жүргізілді. 12 өтініш берушінің құқықтары қалпына келтірілді, оның ішінде тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықтар, конкурстық комиссияның, жұмыс өтілін есептеу жөніндегі комиссияның шешімдері жойылған.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img