spot_img
Жұма, Қараша 21, 2025
2.6 C
Kokshetau

Қазақстанда жаңа қаржы мониторингі агенттігі құрылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Мемлекет басшысы Қазақстанда көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру мақсатында Қаржылық мониторинг агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды.

Жаңа агенттікке Қаржы министрлігінің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы, сондай-ақ экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру бойынша функциялары мен өкілеттіктері беріледі.

Жаңа агенттік берілетін функциялар мен өкілеттіктер шеңберінде Қаржы министрлігінің құқықтары мен өкілеттіктерінің құқықтық мирасқоры болып айқындалды.

Мемлекет басшысы ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органның құрамы мен ережесін бекітуді тапсырды.

Сондай-ақ Президент жарлығымен Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болып Жанат Қалдыбекұлы Элиманов тағайынды.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы 26 қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында қысқа мерзімде Президент жанындағы Экономикалық қылмыстарға қарсы күрес агенттігін құруды тапсырды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында да қаржылық пирамидалардың құрбандары жыл сайын артып келеді

Мұндай алаяқтық схемалар азаматтардың сенімін пайдаланып, жылдам табысқа құмарлығын, экономикалық қысымды қолданады. Бұл туралы сұхбат барысында Ақмола облысы бойынша...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика