spot_img
Бейсенбі, Шілде 3, 2025
23.2 C
Kokshetau

Садыр Жапаров ресми түрде Қырғызстан президенті қызметіне кірісті

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін өткен ұлықтау рәсімінде Садыр Жапаров ант берді. Одан кейін Қырғызстан Орталық сайлау комитетінің төрайымы Нұржан Шайлдабекова Садыр Жапаровқа президент куәлігін, төсбелгі және штандартты табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Осылайша, Садыр Жапаров ресми түрде президент қызметіне кірісті. Ресми рәсімге бір мыңнан астам қонақ қатысты.

Атап өткенде, елдің танымал қайраткерлері, Жогорку Кенеш депутаттары, экс-президенттер, парламенттің бұрынғы спикерлері, бұрынғы премьер-министрлер, Қырғызстан конфессияларының басшылары, дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдардың өкілдері, ақсақалдар және қарапайым азаматтар қатысты.

Сондай-ақ рәсімге Жапаровтың өткен сайлаудағы қарсыластары шақырылды.

Еске сала кетсек, 10 қаңтар күні Қырғызстанда мерзімінен бұрын президент сайлауы болып өтті. Сайлау қорытындылары бойынша 79,2 пайыз дауыс жинаған Садыр Жапаров жеңіске жетті.

 

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында «Жасыл ел» еңбек маусымы ресми түрде ашылды

Ақмола облысында жастардың қатысуымен өтетін ең ірі экологиялық әрі еңбекке баулу жобасы – «Жасыл ел» бағдарламасының еңбек маусымы ресми...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика