spot_img
Жұма, Қараша 21, 2025
0.9 C
Kokshetau

Вице-министр вакцина салынар алдында қандай тексерулер болатындығын айтты

Сондай-ақ...оқыңыз

2021 жылдың ақпан айынан бастап елімізде халықтың жекелеген топтарын коронавирус инфекциясына қарсы екпе салу кезеңдері басталады. Бұл туралы бүгін ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, бірінші кезекте медицина қызметкерлері, әсіресе жұқпалы аурулар ауруханаларының, жедел медициналық жәрдемнің, сондай – ақ басқа да бейіндегі қызметкерлер; екінші кезеңде педагогтар мен күш құрылымдарының қызметкерлері наурыз айында; үшінші кезеңде, студенттер сәуірден бастаса, мамыр айында вакцина көлемінің жеткілікті болуына қарай халықтың қалған контингенті қамтылады. Айта кету керек, вакцинация 18 жасқа толмаған балаларға салынбайды. КВИ-ға қарсы вакцинациялау 6 млн адамды қамти отырып, осы жылдың соңына дейін жалғасады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, бірінші вице-министрдің айтуынша, вакцинациялауға профилактикалық егуге қарсы көрсетілімдері жоқ адамдар жіберіледі.

«Вакцинация жүргізер алдында дене температурасы өлшенеді, эпидемиологиялық анамнезді жинау, сатурацияны, жүрек жиырылуының жиілігін, артериялық қысымды өлшеу, тыныс алу және жүрек-қантамыр жүйесін аускультациялау және жұтқыншақты тексеру шаралары жасалады. Егер температура 37°C-тан асса, вакцинация кейінге қалдырылады», – дейді Марат Шоранов.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында да қаржылық пирамидалардың құрбандары жыл сайын артып келеді

Мұндай алаяқтық схемалар азаматтардың сенімін пайдаланып, жылдам табысқа құмарлығын, экономикалық қысымды қолданады. Бұл туралы сұхбат барысында Ақмола облысы бойынша...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика