spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Коронавирус: Вакцинаны салуға болмайтын санаттар жарияланды

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның қандай жағдайда ем болмайтындығын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ең алдымен анамнездегі ауыр аллергиялық реакциялар, жүктілік және бала емізу кезеңдері, 18 жасқа дейінгі балалар және 65 жастан асқан қарттар. Қазіргі уақытта аталған санаттағы адамдарды вакциналау туралы деректердің аз болуынан, біз өндірушілер ұсынатын материалдарды үнемі зерттеп отырамыз және осы санаттарға вакциналарды қауіпсіз жүргізу туралы жаңа ақпарат түскен сайын көрсеткіштер кеңейтіліп отырады», – деді Марат Шоранов.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. Вице-министр препаратты бауыр мен бүйректің созылмалы ауруы барларға, қант диабеті сынды эндокриндік жүйенің айқын бұзылысы байқалғандарға сақтықпен қолдану қажеттігін ескертті.

«Қан түзілу жүйесінің ауыр сырқаттарында, эпилепсия, инсульт және орталық жүйке жүйесінің басқа ауруларында, жүрек-қантамыр жүйесі дерттерінде, бастапқы және қайталама иммун тапшылығы мен аутоиммунды, сондай-ақ, демікпе және созылмалы обструктивті өкпе ауруларында сақтық таныту қажет. Диабетпен және метаболикалық синдром, атопия мен экзема аллергиялық реакциялары, сондай-ақ қатерлі ісік, қатерлі қан аурулары бар науқастарға вакцина саларда ағза жағдайын жекелей қарастыру керек. Яғни, бұл жағдайлар абсолютті қарсы көрсетілімдерге жатпайды және вакциналау кезінде әр науқастың жалпы жағдайына қарай байланысты дербес тағайындалуы тиіс», – деп түсіндірді М. Шоранов.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img