spot_img
Сәрсенбі, Қаңтар 14, 2026
-31.1 C
Kokshetau

21 қаңтар күнгі ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

21 қаңтар күні республиканың басым бөлігінде қар жауады. Елдің оңтүстігінде, орталығында жауын-шашын күтіледі, жекелеген өңірлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) қатты жауатыны болжанады. Кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын, екпінді жел сақталады. Оңтүстікте, оңтүстік-батыста, орталық пен шығыста көктайғақ болуы ықтимал, деп хабарлайды «Aqmola News» Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, көктайғақ, 23-28 м/с дейінгі жел күтіледі.

Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болжанады, жел 15-20 м/с артады.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болады, 15-20 м/с екпінде жел тұрады.

Түркістан, Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады. Желдің күші Түркістан облысында 15-20 м/с, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында 17-22 м/с артатыны күтіледі.

Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысында кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Ақтөбе облысында кей жерлерде тұман, күндіз Маңғыстау облысында көктайғақ болжанады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мәжіліс депутаттары Көкшетаудағы аутизммен ауыратын балаларды қолдау орталығының жұмысымен танысты

12 қаңтар, Көкшетау. Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Айна Мысырәлімова, Наталья Дементьева және Юлия Кучинская Көкшетау қаласындағы аутизммен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика