spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Қызыл аймақ: Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы қайтадан «қызыл аймаққа» өткені белгілі. Өңірдің эпидемиялогиялық жағдайына байланысты жаңа қаулы шықты. Өңірлік коммуникациялар алаңында жаңа қаулыны облыстың бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина таныстырды,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Ақмола облысында жұмыс күндері фитнес-орталықтары, тренажер залдары мен спорт сауықтыру орталықтарының қызметіне рұқсат берілді.

Қаулыға сәйкес көпшілік жиналатын салтанатты, отбасылық, естелік, ұжымдық және басқа да іс-шараларды өткізбей, жұмыс тәртібі сағат 9-ден 20-ге дейін, келушілердің саны 50 пайызға дейін, бірақ отыратын орын 30-дан артық емес, үстел арасындағы қашықтық 2 метрден кем емес және келушілер арасында 1 метрден кем емес қашықтықты сақтаған жағдайда қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметіне рұқсат берілді.

«Сенбі және жексенбі күндері қызметін тоқтата отырып, жұмыс күндері алдын ала жазылу бойынша келушілердің санын 50 пайыздан асырмай және бір адамға 5 шаршы метрден кем емес орынды қамтамасыз етіп, фитнес-орталықтары, тренажер залдары мен спорт сауықтыру орталықтарының қызметіне рұқсат берілді. Сонымен бірге, демалыс күндерін қоспағанда сағат 8-ден сағат 24-ге дейін, келушілердің санын 50 пайыздан асырмай және бір адамға 4 шаршы метрден кем емес орын болған жағдайда сауна, СПА орталықтары да жұмыс істейді», – деді бас санитар дәрігер.

Бұдан бөлек, мемлекеттік органдардың (ұйымдар, кәсіпорындар), квазимемлекеттік сектор органдарының, ұлттық кампаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне рұқсат беріліп отыр.

Бұл ретте, COVID-19 таралуы мен алдын алу жөніндегі іс-шараларға қатысатын ұйымдардан және тіршілікті қамтамасыз ететін кәсіпорындардан, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен және төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлерінен басқа; штаттық кестеде 15 және одан артық қызметкер болғанда, қызметкерлердің кемінде 80 пайызы қашықтықтан жұмыс атқарады.

Азық-түлік емес және азық-түлік жабық базарлары (базар үлгісіндегі сауда үйлері, сауда орталықтары, павильон, дүкен және т. б.) келушілердің санын 30 пайыздан асырмай және бір келушіге кемінде 4 шаршы метр орын сақтай отырып бес күн жұмыс істеп, сенбі және жексенбі күндері жабылады.

Алаңы 2000 шаршы метрден астам сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда орталықтарының жұмыс кестесі жұмыс күндері сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін анықталып отыр. Ал, балалар ойын алаңы мен аттракцион қызметіне тыйым салынды.

Естеріңізге сала кетейік, Ақмола облысы бүгін төртінші күн қызыл аймақта тұр. Бүгінгі күні өңірде барлық кезеңде 7 958 жағдай тіркелген: 91 пайызы – ересектер, сегіз пайызы – балалар.

Жұқтыру жағдайының ең көбі Көкшетау, Степногорск, Бурабай, Сандықтау және Зеренді аудандарына тиесілі.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img