spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Табиғаттың тосын сыйы: Қалың түскен қарды көкшелік коммуналдық қызметтер тазалап үлгермей жатыр

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін түнде облыс орталығына қалың қар түсті. Табиғаттың тосын сыйы орнынан жаңа тұрған тұрғындарды таң қалдырғаны рас. Қазіргі уақытта қар тазалаумен «Тазалық» және «Зерен плюс 2016» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері айналысып жатыр,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, облыс орталығын қардан тазартып, көшедегі қозғалысты реттеуге «Тазалық» және «Зерен плюс 2016» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері айналысуда.

Тазарту жұмыстары таң қылаң бере басталып кеткен. «Тазалық» серіктестігіне тиесілі 38 бірлік техника мен 55 жұмысшы, «Зерен плюс 2016» серіктестігінің 45 жұмысшысы қар тазалау жұмыстарына кіріскен.

Қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы қала көшелерін қардан тазартады. Жолдарды тегістеу, сыпыру және тазалау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қардың қалың түсуіне байланысты барлық жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жолда барынша сақ болуға шақырамыз,-делінген облыстық әкімдіктің ресми хабарламасында.

«Тазалық» коммуналдық қызметінің жұмысшылары орталық саябақтарды, жаяу жүргіншілердің жолдарын тазартумен айналысуда.

Біз таңғы 7-ден бастап жұмысқа кірісудеміз. Бізге облыс әкімдік пен әкімшілік ғимараттардың алды және орталық алаң мен осы аумақтағы жаяу жүргіншілердің жолдарын тазалау тапсырылды. Қазір міне, 11 жұмысшы екі техника жұмыс істеп жатыр,-дейді «Тазалық» серіктестігінің жұмысшысы Беркімбай Оразин.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, көпқабатты үйлердің аулаларын тазартуға сол аумақтардағы ПИК жауапты.

Бұған дейін Қазгидромет РМК-ның Ақмола облыстық филиалы өңірде дауылды ескерту жарияланғанын хабарлаған еді.

Онда 2021 жылдың 11-нен 12 қаңтарына ауысқан түні облыстың басым бөлігінде қалың қар жауатындығы айтылды.

 

 

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img