spot_img
Жұма, Мамыр 23, 2025
13.5 C
Kokshetau

Киелі жерлерді жаңғырту үшін ғалымдар әдістемелік көмек көрсетті

Сондай-ақ...оқыңыз

Біржан сал ауданында киелі тарихи нысандарды жаңғырту жұмыстары талқыланды,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Киелі нысандар өлкенің тарихи-мәдени мұрасын насихаттауға ықпал етеді. Сонымен қатар, халықтың оларға деген қызығушылық әрдайым байқалады, көбісі оларды өз аймағында жарнамасыз біліп барады. Халық батырларының есімдері – қазіргі қазақстандықтардың аузында, біз күн сайын олардың құрметіне аталған көшелермен жүреміз. Бірақ бұл адамдар кім болды, ел үшін не істеді және қайда жерленді? Батырлардың жауынгерлік даңқ орындары бойынша тарихи-мәдени бағыттар туризмді дамытуға жол ашады, -делінген хабарламада.

Біржан сал ауданының аумағында Степняк қаласында ұлы ақын-Біржан салдың қабірі орналасқан. Біржан сал бейітінің Республикалық маңызы бар және белгілі суырып салма ақынның шығармашылығын қадірлейтін көптеген ғалымдар, ақындар, қазіргі заманғы мәдениет қайраткерлері көп баратын орын болып табылады. Келесі ауданымыз мақтаныштары Аңғал және Андықожа батырлары.
Андықожа батыр және Аңғал батыр ауылдары Бурабай аумағымен шектесетінін ескеріп, бұл нысандар ішкі туризм бағыттарының біріне айналдыруға алдағы жоспарымыз. Осы мақсатта аудан әкімі Достанбек Есжановтың шақыруымен Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің тарих факультеті археология және этнология кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Жамбыл Омарұлы Артықбаев, Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Қуаныш Ғибадатұлы Шақшақов келіп әдістемелік көмек көрсетті.

Профессор Ж.Артықбаев аумақта жоғары сынамалы алтын өндірілгендіктен, қалада ежелгі металлургия орталығын құруды ұсынды. Өз кезегінде шақырылған қонақтар ынтымақтасуға және өз көмектерін көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетаулық оқушы биология пәні бойынша халықаралық олимпиадада күміс жүлде жеңіп алып, Қазақстан құрамасының жеңісіне үлес қосты

Көкшетау қаласының №8 орта мектептің 10-сынып оқушысы Егор Менгулов Сочи қаласында (Ресей) 2025 жылғы 10–17 мамыр аралығында өткен биология...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика