spot_img
Бейсенбі, Қазан 24, 2024
4.2 C
Kokshetau

Ақмолада алғашқы болып дауыс берген механизатор сыйлыққа ие болды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолада таңертең сайлау учаскесіне елден бұрын келіп дауыс берген механизатор сыйлық алды, деп хабарлайды «Aqmola News» .

Ақкөл ауданындағы Домбыралы ауылының тұрғыны жергілікті шаруашылықта механизатор болып жұмыс істейді. Өзі тіркелген 125 сайлау учаскесіне таңғы 6:45-те келген сайлаушы ең алғашқы болып өз таңдауын жасағар.

«Мен сыйлық алу үшін емес өз азаматтық парызымды орындау үшін келдім. Сайлау ел тарихындағы аса маңызды тарихи оқиға. Еліміздің жарқын болашағы мен дамуы үшін әрбір азамат дауыс беруі тиіс деп ойлаймын, – дейді Виталий Балунов.

Айта кетейік, облыста 722 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. Қазіргі таңда облыс бойынша облыстық азаматтық альянс және кәсіподақтардан 1005 бақылаушы тіркелген. Бұдан бөлек бес партиялардың атынан 1723 бақылаушы сайлау процестеріне қатысып отыр.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қазақстансаяхаттауға арналған ең үздік елдердің бірі деп жариялады

Достар, сүйінші жаңалық! Әлемдегі жетекші баспа Lonely Planet Қазақстанды жыл сайынғы Best in Travel 2025 рейтингінде саяхаттауға арналған ең...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img