spot_img
Сенбі, Тамыз 23, 2025
13 C
Kokshetau

Қарағандылық еріктілер қайырымдылық акциясын бастады

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін кеншілер қаласының еріктілер штабы қайырымдылық акциясын жариялады. Шаһар көшелері мен аялдамаларында белсенді жастар қарағандылықтарға ыстық шай ұсынады. Тұрғындар акцияға қатысты қуаныштарын білдіріп, және жастардың жақсы көңіл-күй сыйлап жатқанын атап өтті. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Еріктілер тұрғындардан аязды күндері бір-біріне жанашыр болуды сұрайды.

Еріктілер қала тұрғындарын жақсылық пен игі істер тізбегін құруға шақырады. Осы аязды күндері бір-біріне мейірімділік танытып, жанашыр болуды өтінеді. Штаб мүшелері келесідей ұсыныстар жасап отыр:

– Егер сіз көлік жүргізіп, аялдамада тұрған адамды көрсеңіз, өтіп кетпей, оны алып кетуді ұсыныңыз.

– Егер сіз автокөлік жүргізушілерінің бірі өз көлігін оталдыра алмай тұрғанын көрсеңіз, көмектесіңіз.

– Қалада бағдаршамдар мен қиылыстарсыз көптеген кішкентай көшелер бар, онда жаяу жүргіншілер тұрып, көліктердің өтуін күтеді. Олар жаурап қалмас үшін өткізіп жіберуге тырысыңыздар.

– Аязды күндері таксиге қоңырау шалу саны артып кетеді. Жүргізушілер, бағаны көтермеңіздер, жерлестеріңізді құрметтеңіздер!

– Кәсіпкерлер, адамдарды өз нысандарыңызға кіріп, жылынып алуға рұқсат етіңіздер! Келушілер мен жол жұмысшыларына ыстық шай ұсыныңыздар!

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Олжас Бектенов автожолдардың сапасын арттыру жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы жиын өткізді

Үкіметте Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен автокөлік жолдарының сапасын арттыру мәселелері бойынша жиын өтті. Көлік желісін жаңғырту бойынша Президент қойған...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика