Целиноград ауданы Қоянды ауылында жаңа мектеп пайдалануға берілді. 1200 орындық №2 жалпы орта білім беретін мектептің құрылысы аяқталып, ауыл тұрғындары үшін ақжолтай жаңалық болды,-деп хабарлайды «Aqmola News».
Коянды ауылының тұрғындары мен балаларына үлкен қуанышты жаңалықтың бірі 1200 орындық №2 жалпы орта білім беретін мектептің құрылысы бітті.
Білім мекемесінде балалар 2 аусымда оқиды.
Бірінші аусымында 904 оқушыдан тұратын 40 сынып оқытылса, ал екінші аусымда 392 оқушысы бар 18 сынып білім алмақ.
Оқушылардың киімін ілуге арналған 600 орындық 2 жақты гардероб орналасқан.
Мектепте жалпы барлық пәндерге негізделген 57 кабинет жұмыс істейді. Оқушыларға арналған 2 спорт залы бар.
Қазіргі уақытта барлық жағдай қарастырылған мектепке қабылдау үшін 1296 оқушының ата-аналары өтініш берген.