spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-3.8 C
Kokshetau

Қазақстанда бірегей машина конструкцияның сейсмикалық төзімділігін тексереді

Сондай-ақ...оқыңыз

ТМД елдерінің ішінде Қазақстан ғана сыналатын конструкцияны резонансқа енгізетін, сол арқылы 9 балдық жер сілкінісіне жасайтын бірегей В-3 вибродинамикалық машинасын сақтап қалды, деп хабарлайды «Aqmola News» Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне сілтеме жасап.

Сейсмикалық төзімділікті тексеретін сынақтарды Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының («ҚазҚСҒЗИ» АҚ) ғалымдары жүргізеді.

2020 жылдың соңында «ҚазҚСҒЗИ» АҚ мамандары жаңа заманауи Modex зауытында шығарылған көлемді блоктарды ауқымды сынаудың келесі кезеңін аяқтады.

Көлемді блоктарды қолданатын модульдік тұрғын үй құрылысы Қазақстанда бұрын қолданылмаған, сондықтан оған ғылыми зерттеу мен эксперимент жүргізу қажет. Бұл сынақтар Қазақстан үшін маңызды, өйткені модульді блоктарды пайдалану құрылыс салу уақытын айтарлықтай қысқартады. Мәселен, болашақта 16 қабатты тұрғын үй салуға төрт ай ғана уақыт кетеді.

«Мамандар үнемі осыған дейін елде қолданылмаған құрылымдардың сейсмикалық төзімділігін эксперименталды түрде тексеріп отырады. Тексеру нәтижесі бойынша жаңа құрылымды жер сілкінісі қаупі бар аудандарда пайдалану мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды жасалады», – Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img