spot_img
Сәрсенбі, Қаңтар 14, 2026
-24.8 C
Kokshetau

Димаш Құдайберген Вашингтондағы жаппай тәртіпсіздікке қатысты пікір білдірді

Сондай-ақ...оқыңыз

17 қаңтарда басталатын жаңадан сайланған АҚШ президенті Джозеф Байденнің инаугурациясын тойлау апталығының ашылу салтанатына қатысатын қазақстан әнші Димаш Құдайберген Вашингтон қаласында болған жаппай тәртіпсіздікке қатысты пікір білдірді.

«Мен АҚШ-та болып жатқан оқиғалар жақын арада шешіледі деп үміттенемін және сенемін. Сондай-ақ, біздің пікіріміз әр түрлі болса да, бір-бірімізді құрметтеуді үйренуіміз керек. Біз зорлық-зомбылықсыз әлемде өмір сүру үшін жұдырықтай жұмылуымыз қажет», – деді әнші.

Еске сала кетейік, 7 қаңтарда Вашингтондағы жаппай наразылықтан кейін Дональд Трамптың жақтастарының бір бөлігі Конгресс ғимаратына кірді. Дональд Трамп жиналыс басталмас бұрын Вашингтонның орталығында мыңдаған адам қатысқан митингіде сөз сөйлеп, жеңілісті мойындаудан бас тартып, жақтастарын Капитолий ғимаратына баруға шақырды.

Вашингтонда жаппай тәртіпсіздікке қатысты коменданттық сағат енгізілді. Дональд Трамптың танымал әлеуметтік желілердегі аккаунты уақытша бұғатталды.

АҚШ президенті Дональд Трамп Twitter парақшасы арқылы бейнеүндеу жасап, Вашингтондағы тәртіпсіздіктерге қатысқандардың заң алдында жауап беретінін мәлімдеді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қаңтар – «Заң мен тәртіп» айы

«Адал азамат» бағдарламасы аясында қаңтар айы «Заң мен тәртіп» айы ретінде белгіленіп, өңірдегі білім беру ұйымдарында кешенді тәрбиелік іс-шаралар...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика