spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Әлемдегі ең үлкен театрларды білесіз бе?

Сондай-ақ...оқыңыз

Алғашқы театрлар XVI ғасырда ашыла бастады. Әлемге танылған ең ірі 7 театр туралы білгеніңіз артық болмас. «Aqmola News» әйгілі тетрлар туралы жинақтаған ақпаратын ұсынады.

 Париждегі Гранд Опера театрының тарихы 1669 жылдан басталды. Осы уақыт аралығында театрдың атауы бірнеше рет ауысты. Бірақ ештеңеге қарамастан, оған белгілі композиторлардың есімі берілді. Бүгінгі таңда Гранд Опера Гарнье Сарайы ретінде танымал.

Лондондағы Ковент-Гарден театры 1732 жылы ашылып, Лондондағы ең танымал орындардың біріне айналды. Ол өз уақытында екі рет өртеніп кетті, бірақ қайта жаңартылды. Аталмыш театрдың басты ерекшелігі – оның сахнасында.

Москвада орналасқан Үлкен театр 1776 жылдың 26 наурызында құрылды десек те болады. Ал театрдың ең алғашқы ғимараты 1780 жылы ғана пайда болды және ол өзен жағасында орналасты. Бұл театр Ресейдің ұлттық музыкалы театр мәдениетінің ең ірі ошағы ретінде әлемге танылған.

Миландағы Ла Скала театры барлық театрлардың ішіндегі ең танымал деп танылды. Театрдың шымылдығы 1778 жылы «Признанная Европа» («Танылған Еуропа») операсымен ашылды.

Австриядағы Венская опера театры дүниежүзіндегі ең үздік театр болып саналады. Оның замануи ғимараты 1869 жылы ашылды. Аталмыш театр, сахналанылған қойылымдар саны жағынан көшбасшы болып танылған. Мұнда көрермендер жыл сайын 60-қа жуық қойылым тамашалай алады.

Метрополитен-опера театры Нью-Йорк қаласында орналасқан. 1883 жылы театрдың шымылдығы «Фауст» қойылымымен ашылды. 1966 жылы театр «Линкольн орталығына» ауысты.

Сидней опера театры Австралиядағы ең әдемі ғимараттардың бірі. Әсем ғимаратта тек классикалық опера қойылымдары ғана емес, әлемдік жұлдыздардың концерттері, түрлі цирк шоулары мен форумдар да өтеді. Сидней опера театры 1978 жылы салынды және оны Ұлыбритания ханшайымы Елизавета ашты.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img