spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Полицейлер жаңа жылда 700-ден астам пиротехникалық өнімді тәркіледі

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында полицейлер жаңа жылда 700-ден астам пиротехникалық өнімді тәркіледі,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Жылдан жылға рұқсат етілмеген сауданы базарларда және оларға іргелес аумақтарда жүргізеді.

Талаптарға сәйкес келмейтін от шашулар көбінесе басқа тауарлармен аралас сатылады, сатушылар күніне бірнеше ораманы сатады .
Адамдар көбінесе «көңілді от шашудың» басқа жағы бар деп ойламайды.
Облыс аумағында азаматтық пиротехникалық бұйымдарды заңсыз әкелу, өткізу және пайдалану фактілерін анықтау және жолын кесу мақсатында 2020 жылғы 15 желтоқсан мен 2021 жылғы 7 қаңтар аралығында «Пиротехника»жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі.

Іс-шараға Ақмола облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері, жергілікті полиция қызметі басқармасының және облыстық ТЖД азаматтық қорғаудың өкілдері қатыстырылды.
Акция барысында полиция қызметкерлері 123 рейдтік іс-шара өткізді, оның барысында жеке және заңды тұлғалардың азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану және тасымалдау ережелерін сақтауы бойынша 95 базар, 869 дүкен және басқа да сауда орындары тексерілді.

Рейдтік іс-шаралар нәтижесінде ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабын бұзғаны үшін «тауарлармен және өзге де заттармен заңсыз сауда жасау» бойынша 52 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, олардан 758 бірлік пиротехникалық өнім алынды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img