Бүгін Көкшетау қаласындағы “Bolashaq” сарайында Ақмола облысы әкімдігі мен Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен “Құлагер” облыстық байқауы қорытындыланып, жеңімпаздары марапатталды, – деп хабарлайды «Aqmola News».
Салтанатты марапаттау рәсімінде Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Ермекқызы облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың құттықтауын жеткізіп, лауреаттарға Алғыс хаттарды табыстады.
“Көкше өңірі қашан да таланттарға кенде болған емес.Биыл облысымыздағы әдебиет пен өнер иелері қазақ руханиятына өлшеусіз үлес қосты. Байқау жарияланған күннен бастап бүгінге дейін 700-ден астам өтініш келіп түсті. Оның әрқайсысы 10 аталым бойынша іріктеліп, бүгін марапат өз иелерін тауып отыр. Алдағы уақытта да бұл байқау жалғасын табады. Әрине пандемия кезінде оңай болған жоқ. Дегенмен өнер иелерінің сол қиын кезеңде жазған, жасаған туындылары қазақ руханияты үшін үлкен олжа болатыны сөзсіз. Барша марапат иелерін құтықтаймын!”, – деді облыс әкімінің орынбасары.
Шығармашылық байқау жеңімпаздары: “Әдебиеттің дамуына қосқан үлесі үшін” – Ғосман Төлеғұлы; “Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктеріне арналған үздік жұмыс” – Жабал Ерғалиев; “Ұлы даланың шығармашылық ұрпағы”, “А.Құнанбаевтың 175 жылдығы мен Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған үздік жұмыс” – Құдайберлі Мырзабек; “Жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін” – Нұртас Ахатұлы; “Жыл прозасы” – Ерболат Баятұлы; “Жыл прозасы” – Қаратай Төлекеев; “Ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды қалпына келтіруге, сақтауға және дамытуға қосқан үлесі үшін” – Бақыт Смағұл; “Жыл драматургиясы” – Манарбек Қыдырбай; “Үздік ақын” – Мерген Тоқсанбай; “Үздік ақын” – Серғазы Қайырболды; “Үздік айтыскер” – Мұхаммед Қоңқаев; “Үздік айтыскер” – Құрмет Құралхан; “Жыл поэзиясы” – Қайырбай Төреғожа; “Жыл позиясы” – Қуаныш Оспанов жүлделермен марапатталды