spot_img
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
4.5 C
Kokshetau

Мәлік Ғабдуллиннің «Қазақ баласы» кітабы жарық көрді

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақ халқының даңқты ұлдарының бірі Мәлік Ғабдуллиннің Алматы қаласындағы Орталық мемлекеттік архивінде Қазақстан Жазушылар одағының қолжазба қорында сақталған «Қазақ баласы», «Сын казаха» атты қолжазбасы кітап болып оқырман қауымға жол тартты,-деп хабарлайды » Aqmola News»Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

2019 жылы М.Ғабдуллиннің Батыр атағын алған күніне орай өткізілген конференцияда шәкірті Серік Негимов ұстазы М.Ғабдуллиннің «Қазақ баласы» қолжазбасын таба алмай жүргендігін айтқан. Бірнеше жылдар бойы табылмай жүрген қолжазба ҚР Орталық мемлекеттік архивінің Жазушылар Одағының қолжазба қорынан табылды.

Қолжазба күйінде сақталған М.Ғабдуллин мұрасының көшірмесі музейдің ғылыми қызметкерлерінің зерттеу жұмыстарының нәтижесінде 2019 жылы Көкшетауға жеткізгеннен кейін, электронды нұсқасы дайындалып ғылыми кеңестің қарауында сараптама жасалып, баспаға ұсынылған.

Бүгінде бұған дейін сарытап қағаздарда шаң басқан қолжазба түлеп, түрленіп уақыт олжасына айналып, өз оқырмандарына бұйырды.

Батыр, ғалым жерлесіміздің бұл шығармасы өзінің шынайылығымен ерекшеленеді. Бұл еңбек оқ пен оттың арасында қағазға түскен сол сәттердегі көңіл-күйдің туындысы ретінде құнды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Заңды біліп жүрген абзал

Ақмола облысының Жастар-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, жастар арасындағы құқық бұзушылықты азайту, ақпараттық жұмыс жүргізу мақсатында, «Арна» Көкшетау жоғары колледжінің студенттерімен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика