spot_img
Сенбі, Ақпан 28, 2026
-17.8 C
Kokshetau

«Партия барлығына ашық»

Сондай-ақ...оқыңыз

Кез келген сайлау науқанының саяси-маңызды кезеңдерінің бірі – сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары болып табылады. Бүгін, 21 желтоқсанда, «Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Қанат Төлегенұлы Байбуров және аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Қасымхан Ерахметұлы Мажиков «Кәсіпкер» БПҰ мүшелерімен кездесу өткізу барысында партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, ауданның даму перспективаларын талқылады.

– «2020 жыл бәріміз үшін үлкен сынақ жылы болды. Коронавирустық пандемия біздің өміріміз мен басымдықтарды өзгертті, көптеген сұрақтарға басқаша қарауға мәжбүр етті және біздің мемлекетіміздің басты құндылығы – адам өмірі мен денсаулығы екенін тағы да дәлелдеді. Қазақстан, әлемнің басқа елдері сияқты, ұзақ карантин мен шектеу шараларына байланысты үлкен қиындықтарға тап болды.
Осы сын-қатерлерге қарамастан, «Nur Otan» партиясы экономиканы дамытудың тұрақтылығын қамтамасыз ету, жұмыспен қамтуды сақтау және жаңа жұмыс орындарын ашу үшін, сондай-ақ біздің ауданымызды өмір сүру үшін қауіпсіз әрі жайлы ету үшін барлық күш-жігерін салатын болады. Біз бұған қалай жетуге болатынын нақты білеміз!»-деп түйіндеді депутаттыққа үміткер, «Мейірім-Бурабай» Мүгедектерді оңалту орталығы» ҚБ төрағасы Қанат Төлегенұлы.
«Aqua Innovation Company» ЖШС директоры болып табылатын кәсіпкер Арман Табулдин да өз пікірімен бөлісті:
– «Басқа бірде-бір партия мұндай міндеттемелерді өзіне алмайды және «Nur Otan»партиясы сияқты бизнес үшін сонша мүмкіндіктер жасамайды!».
Үгіт-насихат кездесуін аяқтаған Қасымхан Ерахметұлы:

– «Партия баршаға ашық! Біз сіздердің сындарлы ұсыныстарыңызды қолдауға дайынбыз және өзара тиімді ынтымақтастыққа үміттенеміз. Біз сіздердің сеніміңізді бағалаймыз және бірге жақсы нәтижелерге қол жеткізетінімізге сенімдіміз! Сіздерді 2021 жылғы 10 қаңтарда өтетін сайлауға келіп, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырамыз».

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Бурабай ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Конституциялық реформаның мазмұнын тереңірек түсінуге және оның ел дамуына әсерін пайымдауға мүмкіндік берді

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Конституциялық реформа — негізгі өзгерістер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.  Шараның  мақсаты...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика