spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-3.8 C
Kokshetau

Көкшетауда Nur Otan өкілдері тұрғындармен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды

Сондай-ақ...оқыңыз

«Nur Otan» партиясы атынан Ақмола облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Көкшетаудағы «Кристалл» сауда үйінің тұтынушыларымен жүздесті.

Жексенбі күні мұнда келушілер көп болды. Облыстық мәслихатқа кандидаттар «Nur Otan» паритиясы республикалық қоғамдық сайлауалды штабының мүшесі, партияның саяси кеңесінің мүшесі, «Болашақ сарайы» балалар мен жасөспірімдер мекемесінің директоры Айнагүл Балташевамен бірге қала тұрғындарына алдағы маңызды науқан – ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауына қатысты үгіт жұмыстарын жүргізді.

Олардың қатарында облыстық мәслихаттың қазіргі депутаттары «Той Дастархан» ЖШС директоры Елена Мащинская, «Көкшетау сүт зауыты» ЖШС директоры Асен Жақсылықов, «КАМАЗ – Инжиниринг» АҚ директоры Сергей Кистин, облыстық көпсалалы ауруханасы нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Ерлан Аяғанов, «Nur Otan» қалалық аумақтық филиалы төрағасының орынбасары, қалалық мәслихаттың қазіргі депутаты Зәуреш Олжабаевалар болды. Әр кандидат тұтынушыларға ақпараттық парақшаларды таратып қана қоймай, 2021 жылдың 10 қаңтарында сайлау учаскесіне келіп, дауыс берудің маңызын ұғындырды.

«Бүгінгі күні елімізде қазақстандықтар үшін көп шаруа атқарылып жатыр. Жаңа шаңырақтар құрылып, көпбалалы отбастардың қатары көбейіп келеді. Жаңа мектептер, балабақшалар, жолдар, үйлер салынып, облыс орталығы абаттандырылуда, жұмыс орындары да ашылып жатыр. Сіздердің өз қалаңызды сүйіп, соның болашағы үшін қызмет етіп жатқандарыңыз үшін алғыс айтамыз. Мен жетім өстім, осында орта кәсіптік білім алып, жеке кәсібімді аштым. Қарамағымда 120 адам жұмыс істейді. Олардың басым бөлігі әйелдер, көпшілігі жалғызбасты, мүмкіндігі шектеулі. Бізді таңдап, бізге сенім артып отырғандарыңыз үшін рахмет. Сайлауға міндетті түрде барып, нақты халықтың партиясына дауыс беріңіздер», – деді Елена Мащинская.

Әр кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасымен таныстыра отырып, алдағы уақытта халықпен бірге өңірді одан әрі гүлдендіре беруге атсалысамыз деді. Сондықтан дұрыс таңдау ғана болашағымызды жарқын етпек.

«Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық сайлау қорынан төленді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img