spot_img
Жексенбі, Мамыр 25, 2025
13.2 C
Kokshetau

Ақмолалық шаңғышылар ел чемпионатында жеңіске жетті

Сондай-ақ...оқыңыз

Бурабайда өткен шаңғы жарысынан ел чемпионатының ІІ турында 9 бірдей медальға ие болған ақмолалықтар жалпы командалық есепте бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Щучинск қаласында ұлттық шаңғы орталығы базасында өткен Қазақстан Республикасының шаңғы жарысынан ел чемпионатының ІІ туры өз мәресіне жетті. Жарыс қорытындысы бойынша 1343 ұпай жинаған ақмолалық команда жалпы командалық есепте бірінші орынға ие болды.

Классикалық жүрістегі шаңғы жарысында алдына қара салмаған Валерия Тюленева чемпион атанса, күміс жүлде Олжас Климиннің еншісіне тиді. Еркін жүрісті жарыста дәл осы спортшылар күміс медальды қанжығаға байлады. Ал үздік үштікті ОльгаДулина-Мандрика түйіндеді. Еркін жүрісті спринтте Евгения Величко мен Надежда Степашкина қарсыластарын шаң қаптырды. Ал екінші орынға Олжас Климин қол жеткізді. Қола жүлде Анна Мельник табан тіреді. Тағы екі ақмолалық финалға дейін жетіп Константин Борцов төртінші ал Николай Чеботько бесінші орындарға ие болды.

Естеріңізге сала кетсек, Ақмолалық спортшылар осыған дейін ел чемпионатының алғашқы турында да жеңіске жеткен. Олардың қоржынында жеті медаль болған.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Еңбегімен ел мерейіне бөленген ұстаз

Нұрия Жаңабаева Көкшетау қаласы №6 мектеп-лицейінде 1992 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. Ол отыз алты жыл бойы ұстаздықтың қыр-сырын...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика