spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Пандемияға қарамастан ақмолалық кәсіпорындар өнім өндіруде сұранысты қамтамасыз етті

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында пандемияға қарамастан өнеркәсіп, металлургия, ауыл шаруашылығы саласына қажетті өнімдермен қамтамасыз ететін ірі кәсіпорындар мен зауыттар өнім шығаруда оң серпінді сақтап қалды. Облыс Әкімі Ермек Маржықпаев индустрияландыру картасына сәйкес, құны 276 миллиард теңгені құрайтын 38 жобаның іске қосылғанын жеткізді,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Облыс әкімі өңірдің он айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған қорытындысында өнім шығарумен айналысатын ірі кәсіпорындардың жұмысына тоқталды.

Ауылшаруашылығына қажетті техниканы шығарумен айналысатын «КАИК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі пандемия уақытында өнім өндірудің қалыпты межесін орындады. Кәсіпорын өңірдің әлеуетін арттыруда зор маңызға ие,-деп атап өтті өңір басшысы.

Жаһандық пандемия уақытында өңірде ауылшаруашылық өнімдерін шығару тынысы кеңи түсті.  Бұған дейін жұмысы тоқтаған комбайн зауыты қайта жанданды. «KazRost Engineering» кәсіпорны қуаттылығын 800 данаға дейін ұлғайтып, 7,5 миллиард теңгеден астам инвестиция құйды.

Жыл басынан бері кәсіпорын 440 бірлік астық жинайтын «Вектор» және «Acros» маркалы комбайндары құрастырды. Бұл кәсіпорын ресейлік серіктес «Ростсельмаш» зауытымен 10 жылға келісім шарт жасалған,-деді облыс әкімі.

Сонымен қатар өңірде құрылыс индустриясы да дамып келеді. Индустриалды инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында кірпіш өңдеу көлемі 7 есеге артты.

Өнімі сұранысқа ие «ENKI» ірі кірпіш зауыты өнім өндіру қуатын арттырып тәулігіне 60 миллион данадан 90 миллион данаға дейін кірпіш шығара бастады. Кәсіпорын осы қуаттылықпен жұмыс істейтін болса, бас аяғы екі жылда өңірдегі құрылыс кірпішінің сұранысын толық қамтамасыз етеді деп ойлаймын,-деді аймақ басшысы.

Айта кетерлігі бірқатар кәсіпорындар пандемия жағдайында шұғыл қажеттілік тудырған өнімдерді де шығара бастады. Өңірдегі кәсіпорындардың көмегінің ықпалымен қорғаныс маскаларын, антисептиктерді және басқа да дезинфекциялаушы заттарды шығарып, өңір нарығын қамтамасыз ету жолға қойылды.

«Тыныс» зауыты өкпені жасанды желдету аппараттарын шығаруды 10 есеге ұлғайтып,бүгінгі күнге дейін 800 аппарат сатылды. Кәсіпорын қоймасында бүгінде 200 бірліктен астам аппарат бар.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img