spot_img
Сенбі, Ақпан 28, 2026
-17.8 C
Kokshetau

Щучинск қаласында шаңғыдан ел чемпионаты басталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгіннен бастап Щучинск қаласының ұлттық орталығында шаңғы жарысының Қазақстан чемпионатының алғашқы айналымы өтеді,- «Aqmola News».

Ақмола облысының спорт және дене шынықтыру басқармасының мәліметінше,  Турнир Халықаралық шаңғы спорты федерациясының мұрындық болуымен ұйымдастырылады.

Чемпионатқа еліміздің тоғыз өңірінен спортшылар қатысады. Сондай-ақ, ұлттық құрама мүшелері де біріншілікте түгел бақ сынайды.

Бірінші айналымның бағдарламасына сәйкес:

26 қараша  – бақылау жаттығулары, команда копитандарының жиналысы:

27 қараша – қалассикалық спринт:

28 қараша –классикалық үлгідегі жарыс әйелдер арасында 5 шақырымға, ерлер арасында 10 шақырымға.

29 қараша – еркін үлгідегі жарыс, әйелдер 10 шақырымға, ерлер 15 шақырымға.

Барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды толығымен сақталады. Жарыс көрермендердің қатысуынсыз өтеді және жүз спортшыдан артық жиналуға рұқсат жоқ. Бірінші тур аяқталған соң жаттығу қайтадан жалғасып, жаңа жылға дейін екінші айналым да ұйымдастырылады,-делінген хабарламада.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жаңа Конституция және жоғары білім: Көкшетауда болашақ бағыты талқыланды

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті қабырғасында республикалық референдум аясында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекпен жаңа...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика